Еуропалық елде осыдан төрт жыл бұрынғы референдум бойынша қабылданған тыйым күшіне енеді
Еуропалық елде осыдан төрт жыл бұрынғы референдум бойынша қабылданған тыйым күшіне енеді
3 күн бұрын 431 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Швейцария билігі 2025 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап, қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін жасыратын, соның ішінде паранжа мен ниқаб киюге тыйым салды. Дәлірегі, адамды тануға кедергі келтіретін киімдерге қатысты аталмыш тыйым 2021 жылы өткен жалпы халықтық шара - референдум қорытындысы бойынша қабылданып, 2025 жылдың бас кезінен бастап ресми қолданысқа енді. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл ереженің талаптарын бұзған тұлғаларға 100 франктен (швейцвариялықтардың төл ақшасы) 1000 франкке жейін айыппұл салынады. Швейцарияның ұлттық валютасымен есептелген бұл айыппұл мөлшерін долларға шаққанда 110,2 доллар және тиісінше 1102 доллар болады. 2021 жылдың наурыз айындағы рефрендумға қатысты өткен әлеуметтік сауалнамаға қатысқандардың 51,2%-ы аталмыш тыйымға қолдау білдіретінін жасырмады. Тыйым тек ниқаб пен паранжаға ғана қатысты емес, сонымен қатар, адамның бет-жүзін тұмшалайтын кез келген киім үлгісіне, соның ішінде футбол жанкүйерлері киетін балаклавқа да қатысты қолданылады. Мұндай киімдерді сауда орындарында, қоғамдық көлікте, мемлекеттік мекемелерде, мейрамханаларда, т.б. киіп жүруге тыйым салынады. Десе де ғибадат ғимараттарында, карнавал секілді думанды шараларда, сондай-ақ, суықтан немесе күннен қорғану мақсатында киюге тыйым салынбаған. Швейцария президенті Карин Келлер-Саттердің айтуынша, мұндай шектеу шарасы Швейцарияда тұратын 400 мың мұсылманның азғана бөлігіне ғана әсер етеді. Дәлірегі, ниқабты тастамай киетін 30 шақты әйелге әсер етеді. Осылайша Швейцария қазірдің өзінде осындай ереже қолданылатын еуропалық елдер қатарын толықьтырды. Олардың қатарында Австрия, Белгия, Болгария, Дания және Нидерланды бар. Франция бірінші болып 2011 жылы адамның бет-әлпетін жасыратын киім киюге тыйым салды.

0 пікір
Мұрағат