Еуропалық елде мұсылмандар құқығын қорғайтын партия құрылайын деп жатыр
Еуропалық елде мұсылмандар құқығын қорғайтын партия құрылайын деп жатыр
11 ай бұрын 656 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Германияда діни азшылықтың,  негізінен мұсылман жамағатының мүддесін қорғайтын, соның ішінде исламофобиямен күресетін «Әртүрлілік пен серпіліс үшін демократиялық альянс» (DAVA) деп аталатын жаңа партия құрылып, маусымның 9-де Еуропарламент сайлауына қатысуға ниетті. Бұл туралы islam.kz порталы өз кезегінде немістердің Bild мерзімді басылымына жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш бұқаралық ақпарат құралы DAVA-ны Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған басқаратын Әділет және даму партиясының (АҚП) филиалы деп санайды.Дәлірегі, жаңа партия жетекшілерінің бірі Германия аумағында радикалды қозғалыс саналатын «Хамас» пен оған жақын ұйымдарды қолдағаны үшін Германияның қауіпсіздік қызметінің қара тізіміне енген. DAVA сайлау науқанын қаржыландыру «тек мүшелік жарналар мен Германиядан келген демеушілер есебінен» жүзеге асырылатынына сендірді. DAVA өзінің құрылтай құжаттарында басқа елдерден келген неміс тұрғындарының құқықтарын толық сақтауды құптайды, өйткені, олар күнделікті өмірде – баспана іздеу және жұмысқа орналасу кезінде жиі кемсітушілікке ұшырайды. Партия балалар кедейлігімен күресуді және «прагматикалық және идеологиясыз көші-қон саясатын» алға жылжытуды жоспарлап отыр. Bild жаңа партияның сайлау додасындағы электораттық әлеуетінің төмен екенін алға тартып отыр. Германияда сайлауда дауыс беруге құқығы бар неміс төлқұжатыне ие 2,5 миллион мұсылман тұрады. Азаматтық туралы заңнамаға түзетулер күшіне енсе (2024 жылдың сәуір айында), оларға тағы 2,5 миллион неміс мұсылман азаматтары қосылуы мүмкін. Теориялық тұрғыдан алғанда, DAVA-ны барлығы 5 миллион сайлаушы қолдауы мүмкін. Егер ол сайлауға қатысатын болса, партия шамамен 10% дауыспен Германия парламентіне кіре алады.

0 пікір
Мұрағат