Еуропалық елде алғаш рет Құранды қорлағандарға қарсы іс қозғалды
|
Данияда алғаш рет қасиетті Құранға құрметсіздік көрсеткен екі адамның үстінен сот процесі басталды. Бұл жайында islam.kz порталы yeniasir.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Копенгаген прокуратурасының жазбаша өтінішінде айтылғандай, алғаш рет Данияның қылмыстық кодексіне сәйкес қасиетті Құранға қарсы әрекет еткен екі адамның үстінен іс қозғалған. 2024 жылдың маусым айының 15-і күні Борнхолм аралында өткен акция барысында қасиетті Құранға құрметсіздігімен көзге түскендерге қатысты іс картотекасы Борнхолмдегі сотқа жіберілгені және сот талқылауының кестесі анықталмағаны айтылған хабарламада. Пікірлері мәлімдемеге енгізілген Копенгаген прокуроры Лис Лотте Нилас: «Біздің берген бағамыз тұрғысынан қоғамдық орында Құранға қарсы орынсыз әрекеттер жасалды және көптеген адамдар осы оқиғаның куәсі болды. Оқиғалар Facebook әлеуметтік желісінде жарияланып, одан да кең аудиторияға жетті», деп мәлімдеді. Прокурор күдіктілердің заңға қайшы әрекеті дәлелденсе, оларға айыппұл салынатынын жеткізді Осы орайда 2023 жылдың желтоқсан айының 7-і күні Данияда қасиетті Құранды және өзге де киелі кітаптарды өртеуге тыйым салу қарастырылған заң жобасының қабылданғанын айта кетпекпіз. Аталған заң талаптарын елемегендер екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады немемесе ірі мөлшерде айыппұл салынады.