Еуропалық ел зиянды тағам жарнамасына теледидарда ішінара және интернетте толық тыйым салды
Еуропалық ел зиянды тағам жарнамасына теледидарда ішінара және интернетте толық тыйым салды
22 сағат бұрын 199 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбритания билігі теледидар экранынан кешкі сағат 21:00-ше дейін фастфуд жарнамасын көрсетуге және интернетте толық тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне жөн сілтеген The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл шара ең алдымен балалар арасындағы кеңінен тараған семіздікпен күрес стартегиясы аясында қолға алынып отыр. Жаңа ереже талаптарына сәйкес бұл шектудің сақталуын жарнама стандарттары жөніндегі басқарма қадағалайды. Бұл тыйым құрамында май мен қант және тұз мөлшері көп өнімдердің 13 түріне қолданылады. Аталған шектеу интернеттегі контенттер мазмұнынан көрініс тапты: әдетте Рождествода жиі тұтынылатын түрлі тәттілердің орнына жеміс-жидек пен көкөніс көрсетіле бастаған. Бұл ереже жылына елдегі балалар тұтынатын калорияның деңгейін 7,2 млрд-қа дейін азайтуға көмектеседі. Бұдан бөлек, артық салмақтан зардап шегетін балалар санын 20 мыңға дейін азайтуға мүмкіндік бермек. Бұған қоса, семіздікпен кұресуге кететін шығынды шамамен екі млрд фунт стерлингке дейін үнемдеуге көмектеседі. Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігі келтірген дерекке қарағанда, Англияның бастауыш сыныптарындағы артық салмақтан зардап шегетін немесе семіз балалар қарасы 22,1%-ды құрайды, ал оқу жылы аяқталғанда бұл көрсеткіш әдетте 35,8%-ға дейін артып кетеді.

0 пікір
Мұрағат