Еуропалық ел тағы бір құсты аулауға немесе атуға тыйым салды
Еуропалық ел тағы бір құсты аулауға немесе атуға тыйым салды
2 жыл бұрын 1663 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Францияда қарақұйрықты аулауға немесе атуға біржола тыйым салынды. Бұл жайында islam.kz порталы euro-pulse ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қарақұйрық (бізше торғайдың бір түрі) Франция аумағында саятшылық (аңшылық) құсы саналып келген еді. Осы уақытқа дейін Францияның Жирон, Ландес, Лот-ет-Гаронна және Атлантикалық Пиреней департаменттері жыл сайын мұндай саятшылыққа квота бөлетін. Қарақұйрықты аулау Еуропаның құстарды қорғау туралы заң талаптарына қайшы келеді. Құстарды қорғау жөніндегі еуропалық заңға сәйкес Еуропаның барлық аумағында құстарды тордың көмегімен жаппай аулауға тыйым салынады (бұл әдістер қарақұйрықты аулау кезінде қолданылған). Осыған байланысты француз заңнамасы ақыры еуропалық стандарттарға сәйкестендірілді. Аталмыш тыйымның қабылдануына жануарларды қорғау ұйымдары ықпал еткен. Олардың есебінше, осы  тыйым арқылы жүз мыңдаған қарақұйрықты аман алып қалуға болады.

0 пікір
Мұрағат