Еуропалық ел мәйітті өртеуден бөлінген жылуды ғимараттарды жылытуға пайдалануға көшеді
|

Еуропалықтар қоршаған ортаны ластамаудың әрі ресурстарды үнемдеудің барлық түріне көшіп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы финдердің Yle телерадио компаниясына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда Финляндияның Кангасала қаласының билігі крематория жылуын тұрғын үйлерді жылыту үшін пайдалануды ұйғарып отыр. Kangasala Lämpö энергетикалық компаниясының есебінше, мәйіттерді өртеуден жылына шамамен сағатына 400 МВ энергия бөлінеді. Бұл шама 20 жерүйіді жылытуға жетеді. Ватила деп аталатын қалалық ауданда орналасқан крематория бұрыннан бері жергілікті қарауыл ғимараты мен өзге ғимараттарды жылытуға пайдаланылып келеді. Kangasala Lämpö энергетикалық компаниясының өкілдері бұл жобаның техникалық кедергісі жоғын жеткізді, яғни, крематория жылуын пайдаланудан еш қиындық көрмейтінін, алайда, адамгершілік тұрғысынан қаншалықты талапқа сай болатынын шеше алмай келе жатқанын және осыған байланысты жергілікті шіркеу кеңесімен ақылдасып жатқанын мәлімдеді. Егер аталмыш жобаны мақұлдаса, келесі қыс мезгілінде жүзеге асырылады