Еуропалық ел жасанды етке тыйым салуы мүмкін
Еуропалық ел жасанды етке тыйым салуы мүмкін
2 жыл бұрын 917 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Италия азық-түлік қауіпсіздігін жетілдіру бастамасы бойынша зертханадағы өсірілген етті тұтынуға, саудаға шығаруға тыйым салуды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы euro-pulse ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай ұсыныс аталған елдің азық-түлік, ауыл және орман шаруашылығы министрлігі тарапынан жасалды. Осылайша Италия қоршаған ортаға зияны көп дәстүрлі мал шаруашылығын сақтап қалудың қамына кірісіп жатыр. Егер аталмыш бастама парламент тарапынан қолдау тапса, омыртқалы жануардың жасушасынан немесе тінінен қолдан ет өсіруге тыйым салынбақ. Бұл тыйымды аттап өткендерге 10 мыңнан 60 мың еуроға дейін, яғни, компания айналымының 10%-на дейін айыппұл салынады. Сондай-ақ, мұндай заңсыздыққа жол берген кәсіпорынға жабылу қаупі төнеді. Десе де бұл ереже Еуропалық одаққа мүше елдерден және Түркиядан әкелінген жасанды өнімдерге қатысты қолданылмайды.

0 пікір
Мұрағат