Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жнінде референдум өткізуі мүмкін
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жнінде референдум өткізуі мүмкін
1 сағат бұрын 33 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. © Энтони Анекс/Keystone/picture alliance

Швейцарияның нәсілшілдікті ту еткен халық партиясының көші-қонға қарсы ұсынысы жеткілікті қолдауға ие болып, қол жинады, бұл бастама аяқсыз қалмай, маусым айында референдумның өтуіне ықпал етуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы немістердің Deutsche Welle халықаралық хабар тарату агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де заң шығарушылар мен Economisuisse бизнес қауымдастығының өкілдері бұл шара елдің экономикасына теріс әсерін тигізуі мүмкін екенін ескертіп отыр. Швейцария осы жылдың орта шеніне қарай халық санын он миллион адамнан асырмауға қатысты референдум өткізуі ықтимал. Тек кәрі құрлықта ғана емес, сонымен қатар, күллі әлем бойынша дәулеті шалқыған ел халқы соңғы жылдары мигранттар есебінен қатты өсіп барады. Осыған байланысты өткен жылдың қараша айында LeeWas зерттеу институты бұл тарапта арайы суалнама жүргізген екен. Нәтижесінде респонденттердің 48%-ы аталмыш бастаманы қолдайтынын білдірген, ал 41%-ы қарсы шыққан. Дегенмен, бұл бастамаға федералды кеңес мүшелері мен саяси партиялардың көбісі және бизнес қауымдастық қарсы болуы ықтимал. Өйткені, елде жұмысшы қолы жетіспейді. Әсіресе, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, құрылыс салаларында. 2050 жылға таман ел тұрғындарының қарасы 9,5 млн адамға жетуі мүмкін. Ел халқының шамамен 30%-н Еуропалық одақ елдерінен келіп, азаматтық алғандар құрап отыр. Еуропаның қақ ортасында орын тепкен осынау елде әр төрт жыл сайын түрлі бастамалар бойынша референдум өтіп тұрады. Өйткені, осынау шағын мемлекет “тікелей демкоратия” ұғымымен өмір сүреді: қандай да бір өзекті мәселе бойынша 100 мыңнан аса қол жиналса, халықтық дауысұа салынады. Сатистика бойынша он референдумның тек біреуі ғана толық қолдауға ие болады екен.

0 пікір
Мұрағат