Еуропалық ел eврейлерге қарсыларды азаматтыққа алмайтын заң қабылдайын деп жатыр
Еуропалық ел eврейлерге қарсыларды азаматтыққа алмайтын заң қабылдайын деп жатыр
1 жыл бұрын 865 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Германия семиттерге қарсыларға неміс азаматтығын беруден бас тартады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Германия федеративті республикасының ішкі істер министрлігінің жетекшісі Ненси Фезерге жөн сілтеген Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта неміс парламенті қарастырып жатқан аталмыш заң жобасында еврейлерге қарсы әрекетімен көзге түскендерге неміс азаматтығын бермеудің тетіктері қарастырылуда. Бұдан бөлек, Израилге таяуда әуеден соққы берген палестиналық ХАМАС қозғалысын террористік ұйым деп танып, оның жақтастарын заң жүзінде жауапкершілікке тартылатынын ескертуде. Бұған дейін Германия парламентіндегі Христиан-демократиялық және христиандық әлеуметтік одақтардың оппозициялық фракциясының жетекшісі Торстен Фрей Германия азаматтығын алуды Израилдің «өмір сүру», яғни, мемлекет ретінде болу құқығын танумен байланыстыруды ұсынған болатын. Оның айтуынша, азаматтық заңға мұндай тармақты енгізу Германиядағы антисемитизммен күресуге көмектеседі. Осы орайда Ұлыбритания билігінің де еврейлерге қарсы шетелдіктерді визасынан айыру туралы айта бастады. Аталған елдің ІІМ басшысының орынбасары Роберт Женрик The Telegraph ақпарат көзіне берген сұхбатында ел аумағында еврейлерге қарсы үгіт-насихат жүргізген шетелдіктердің визасын жоятынын мәлімдеді. Осылай деген ол Пластина-Изриал шиеленісі күшейіп тұрғанда еврейлер туралы жағымсыз пікір білдірген алты шетелдік азаматты визасынан айыру мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат