Еуропалық ел ауыл шаруашылығына климат салығын енгізеді
Еуропалық ел ауыл шаруашылығына климат салығын енгізеді
5 ай бұрын 592 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Evi T. o / Unsplash

Дания сүт және шошқа фермаларына климаттық салық енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы CNN (edition.cnn.com сайты) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Даниялық сүт өндірушілерінен атмосфераға метан газын бөлетіні үшін ірі қараның әр басына жыл сайын 672 крон (96 доллар) салық төлеуді міндеттемек. Климат дағдарысын азайтуға бағытталған заң 2030 жылы қолданысқа енеді. Дания сүт өнімдері мен шошқа етінің негізгі экспорттаушы ел ретінде белгілі, десе  де ауыл шаруашылығы елдің қоршаған ортасына айтарлықтай зиян келтіруде. Олар жаңа салықтан 40 миллиард крон жинауды жоспарлап отыр, қаражат орман-тоғайды және сулы-батпақты жерлерді қалпына келтіруге жұмсалады. Аталмыш заң жоба әлі қабылданған жоқ және Дания парламенті мақұлдауы керек. Кәрі құрлықтағы осынау елдің салық министрі Йеппе Брюс басқа елдерді Даниядан үлгі алуға және жер шарын ластағаны үшін фермерлерден ақы алуға шақырды. Бұған дейін еуропалық фермерлер Еуропалық Одақтың (ЕО) «Жасыл келісімді» жоюды талап етіп, наразылық шеруін өткізген болатын. Фермерлердің пікірінше, «Жасыл мәміле» еуропалық азаматтардың азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді, Еуропалық Одақтағы өнімдердің қымбаттауына әкеледі және өндірушілердің бизнесін құртады.

0 пікір
Мұрағат