|
«Еуропадағы терактілердің артында арнайы, құпия қызмет тұр»
|
Бұл жайында танымал италиялық тілші, саясаттанушы, Еуропарламенттің бұрынғы депутат Джульето Кьеза Бірінші телеарнаның эфирінен мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық терактілер арнайы қызметтің қадағалауымен жасалады. «Лаңкестер бірде-бір шекарадан тексерілмей өтпейді. Террористер құпия қызметпен әрдайым байланыста болады. Еуропадағы терактілерді жасағандардың барлығы, меніңше, күдіктілер болатын (бұрыннан құпия қызметтің назарындағылар – ред.). Еуропа саяси және стратегиялық дағдарысқа кіріп барады»,- деді ол ресейлік федералды телеарнасының кешкі жаңалықтарында. Мсылға алсақ, Белгиядағы соңғы терактіні жасаған ағайынды әл-Бакрауилердің бұрын да заң бұзғаны бар – терактіге дейін олардың үстінен түрлі қылмыс бойыншы іс қозғалған болатын. Нақтырақ айтқанда, Халид 2011 жылы біреудің мүлкіне қол сұққаны үшін, дәлірегі, өзіне тиесілі емес автокөлікті айдап кеткені үшін және отты қаруды заңсыз сақтағаны үшін 5 жылға, ал Ибрагим 2010 жылы полициядағы атыс пен тонау мақсатында қарулы қарақшылыққа жол бергені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдегендей. Белгиялық ағайынды лаңкестердің бірі өткен жылы Түркиядан депортацияланған, бұл жағдай Бельгияның қауіпсіздік күштерінің неге күдігін тудырмаған?