Еуропадағы ең ірі авиациялық концерндердің бірі экологиялық төлем енгізеді
Еуропадағы ең ірі авиациялық концерндердің бірі экологиялық төлем енгізеді
5 ай бұрын 468 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл төлем Еуропалық одақтың атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газын шектеу жүйесінің шығындарын жабу үшін енгізіледі. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Германияның ұлттық әуе тасымалдаушысы, Еуропаның ең ірі әуе компаниясы Lufthansa келесі жылдан бастап 72 еуроға дейін экологиялық төлем енгізуге мәжбүр екенін мәлімдеді. Бұл қосымша ақы ЕО-yың атмосфераға бөлінетін парникті газдарды шектеу жүйесінің шығындарын жабу үшін билет құнына қосылады. Бұл төлем тек маусым айының 26-нан бастап брондалған және Еуропа елдерінен ұшатын  билеттерге ғана қатысты. Төлем мөлшері жол жүру қашықтығына байланысты есептеледі. Бұл сома Еуропалық Одақ енгізген авиациялық көліктерге эмиссиялық квоталар құнын өтеуге жұмсалады. Lufthansa компаниясы бұл қосымша шығындарды өзі дербес өтей алмайтынын және оның мөлшері нормативтік талаптарды ескере отырып, біртіндеп өсетінін атап өтті. Осы орайда Lufthansa концерніне Eurowings, Swiss, Austrian және Brussel Airlines компаниялары кіретінін айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат