Еуропада тұңғыш ислам музейі ашылды
Еуропада тұңғыш ислам музейі ашылды
8 жыл бұрын 2559

Швейцарияның Ла-Шо-де-Фон қаласында кәрі құрлық бойынша тұңғыш ислам музейі ашылды. Бұл жайында «swissinfo.ch» ақпарат көзі хабар таратты. Ислам музейі орналасқан ғимараттың жалпы ауданы – 750 шаршы метр. «Ислам өркениеті музейін» мұсылмандар ғана емес, сонымен қатар, наным-сенімі өзге адамдамдар мен атеистер де тамашалай алады. Музейгк қойылған экспонаттар ислам тарихы мен мәдениетінен сыр шертеді. Екі жылда бір тақырыптық экспозиция өтетін болады. Аталмыш музей меймандарына төрт тілде, атап айтқанда, ағылшын, француз, неміс және араб тілдерінде қызмет көрсетіледі. Музейге кіру бағасы 20 франкті құрайды. Музей орналасқан ғимаратта, сондай-ақ, 20 000 кітап мен қолжазбадан тұратын кітапхана бар. «Біздің музей діни түсініктерді насихаттап, таратуға арналмаған. Біздің міндет ислам әлемінің бай мұрасын танытуға саяды. Бұл бір жағынан ислам әлеміне саяхаттап, одан ой түйіп, өзінше қорытынды жасауға арналған орын»,- деді музей директоры  Надя Кармус.

0 пікір
Мұрағат