Еуропада кәмелеттік жасқа толмаған 10 мың босқын жоғалды
Еуропада кәмелеттік жасқа толмаған 10 мың босқын жоғалды
9 жыл бұрын 2729

Еуропаға Таяу Шығыс пен Африкадан келген 10 мыңға жуық жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Еуроодақ полициясы мәлімдеді. Билік өкілдері жоғалған жеткіншектер адам саудасымен айналысатындардың құрбаны болды ма деп алаңдауда. Оның үстіне бұл балалар мұнда жақын туыстарынсыз келген екен. Еуроодақ полиция басшысы Дональд Брайн: «Жоғалғандардың барлығы қылмыскерлердің қолында болмауы да мүмкін. Кейбіреуі ата-аналарын тапқан шығар. Бірақ бізде олардың қайда және немен айналысып жүргені туралы нақты мәлімет жоқ», - деп қынжылды. Сондай-ақ Еуропол басшысы соңғы уақытта елде мигранттарға қатысты қылмыстың өршіп бара жатқанын, тіпті Германия мен Венгриядағы кейбір түрмелерді көші-қон дағдарысын өз пайдасына шешпек болған қылмыскерлер толтырып отырғанын айтты. Ал халықаралық ұйымдардың мәліметінше, 2015 жылы Кәрі кұрлыққа 1 миллионнан астам босқын кірген. Олардың дені – Сирия, Ирак және Ауғанстан елінің азаматтары.

0 пікір
Мұрағат