Еуропада жаңғыртпалы көздерден алынатын энергия үлесі бірінші рет газ үлесінен асып түсті
|
Бұл жайында islam.kz порталы Ember талдау орталығы келтірген дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жел мен күн өткен жылы Еуроодақ электр қуатының 22 пайызын, газ 20 пайызын және көмір 16 пайызын өндірді. Еуропа одағында жаңғыртпалы энергия көздерінен түсетін мөлшердің өсуіне кедергі келтірген мәселелердің қатарына сарапшылар құрғақшылық пен Франциядағы атом электр станцияларындағы жөндеу жұмыстарын жатқызды. Ember сарапшылары электр энергияға деген сұранысты энергияны үнемдеуге мүмкіндік беретін осы заманғы озық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы төмендетуге болатынын алға тартып отыр. Бұдан бұрын Еурокомиссия жетекшісінің орынбасары Франс Тиммерманс ЕО елдерінің энергетикалық тәуелсіздікке жасыл (жаңғыртпалы) энергетиканың арқасында қол жеткізе алатынын мәлімдеген болатын. Десе де жаңғыртпалы энергия көздеріне жаппай немесе толық көшу әзірге болмайды. Бұған кем дегенде 30-40 жыл кететінін мәлімдеді Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы әрі қожайыны Илон Маск.