Еуропа Украинаға қарағанда Ресейге көп ақша шығарған
Еуропа Украинаға қарағанда Ресейге көп ақша шығарған
9 ай бұрын 1461 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей санкцияға қарамастан Еуропаға миллиардтаған еуроға қазба отындды сатқан. Бұл жайында islam.kz порталы trtrussian.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Энергетика және таза ауаны зерттеу орталығының (CREA) дерегінше, Ресей Украинаға соғыс ашқалы, яғни, соңғы үш жылда еуропалықтардың Ресейден сатып алу көлемі көп өзгермеген. Сарапшылардың пайымдауынша, Еуропалық одақтың ресейлік мұнай мен газға жұмсаған шығыны өткен жылы 21,9 млрд еуроны құрады: бұл көрсеткіш Украинаға қаржылай көмектен көп (2024 жылы 18,7 млрд  еуроны құраған). Соғыс басталғаннан бері Ресей қазба отын экспортынан 847 млрд еуро, ал тек соңғы жылдың өзінде, яғни, юбір жылда 242 млрд еуро табыс тапты. Санкцияларды айналып өту үшін Ресей «көлеңкелі флотты» белсенді қолдануда. Өткен жылы 558 танкер 83 млрд еуродан асатын қаржыға 167 млн тонна мұнай тасымалдады; бұл көрсеткіш барлық теңіз арқылы тасымалданатын мұнайдың жалпы мөлшерінің 61%-ын құрады. Ресей мұнайының 78%-ы және мұнай өнімдерінің 37%-ы көлеңкелі схема арқылы сатылады. Санкция ресейлік отын экспортының кірісін 2021 жылмен салыстырғанда небәрі 8%-ға ғана қысқартқан. Сарапшылардың пайымдауынша, экономикалық шектеулердің артуы Кремлдің мұнай мен газдан түскен кірісін жылына 51 млрд еуроға, яғни, 20%-ға төмендетуі мүмкін. Алайда, әзірге Еуропа елдері Ресейге энергия үшін ақы төлеуді жалғастыруда: ЕО тек өткен жылы ғана ресейлік сұйытылған табиғи газ үшін 7 млрд еуро жұмсап, сатып алатын мөлшерін 9%-ға ұлғайтты. Дегенмен, Еуропа біртіндеп ресейлік энергия ресурстарына тәуелділікті азайтуда. Мәселен, РФ-дан келетін газ үлесі 2021 жылғы 45% -дан 2024 жылы 18% -ға дейін төмендеді. Алайда, Ресейдің отын экспортынан түсетін барлық табысының төрттен бір бөлігі бұрынғысынша Еуропадан келеді.

0 пікір
Мұрағат