Еуропа мен Америкадағы ең маңызды он ислам банкі
Еуропа мен Америкадағы ең маңызды он ислам банкі
14 сағат бұрын 163 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ислами қаржы, яғни, шариғат талаптарына сай қаржыландыру ісі күллі әлем бойынша тиімді қаржы құралына айналды. Соның ішінде мұсылман емес Еуропа мен Америкада да. Бұл жайында islam.kz порталы lslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүкіл әлемдік банк сарапшыларының айтуынша, жаһандық қаржы нарығындағы қаржыландырудың бұл түрі кедейлікпен күресудің және әл-ауқатты арттырудың тиімді құралына айналып, зор әлеуетке ие болған. Мейлінше әлеуметке бағдарланған ислами қаржы ең алдымен тараптардың қатерін бірге көтеріп алу принципіне негізделген. 2024 жылғы дерек бойынша ислами қаржыландыру индустриясының көлемі шамамен 3,9 трлн долларға бағаланып, 80-нен астам елді қамтыған. 2025 жылға қарай бұл нарықтағы айналымның 4,9 трлн долларға, ал 2027 жылға таман 6,67 трлн долларға жететіні болжанып отыр. Батыс елдері неге ислам қаржысына бет бұрып жатыр?  2008 жылғы қаржы дағдарысы кезінде Америка құрама штаттары мен Еуропадағы миллиондаған адам баспанасынан айырлып, 2010 жылғы аталмыш нарықтың құлдырауынан миллиардтаған доллар құмға сіңген судай жоғалды. Бұл жайт өз кезегінде қалыптасқан банк жүйесіне деген сенімге селкеу түсіріп, ислами қаржыға деген қызығушылықты тудырды. 2008 жылғы дағдарыстан кейін исламдық қаржыландыру батыстың банк жүйесіне қауіпсіз балама ретінде қарастырыла бастады. Исламдық облигациялар (сукук) жаңа нарықтарға жол ашты, ал исламдық инвестициялық қорлар өтімділікті айтарлықтай арттырды.

-        Еуропадағы жетекші ислами қаржы орталықтары: - Ұлыбритания Батыстағы ең ірі исламдық қаржы орталығы - 5 лицензияланған ислам банкі және 20-дан астам банктер ислами қаржы өнімдерін ұсынады;

-        Люксембург еуроаймақта ислам облигацияларын (сукук) шығарған алғашқы ел, сондай-ақ, 30-ға жуық ислам инвестициялық қоры бар;

-        Германия 2004 жылы ислам капиталы нарығына шыққан алғашқы батыс елі болды, ал 2015 жылы ол алғашқы лицензияланған ислам банкін (KT Bank AG) алды;

-        Еуропадағы мұсылман халқының саны ең көп Франция исламдық қаржыны белсенді дамытуда;

-        Ресей Федерациясы исламдық қаржы өнімдерін fintech компаниялары мен әдеттегі банктер арқылы ұсынады;

 Еуропадағы ең ірі ислам банктері: 2004 жылы құрылған KT Bank AG (Германия) исламдық қаржы қызметтерінің толық спектрін ұсынады. Al Rayan Bank (Ұлыбритания) — 85 мыңнан астам клиентке қызмет көрсететін Ұлыбританиядағы ең ірі және ең көне ислам банкі. BLME (Bank of London and Middle East) - 2006 жылы құрылып, Ұлыбритания мен Таяу Шығыстың қаржы нарықтарын байланыстырады. Gatehouse Bank (Ұлыбритания) исламдық жылжымайтын мүлікті қаржыландыруға маманданған. Америка құрама штаттарындағы исламдық қаржыға келсек, соншалықты дамыған жоқ, біртіндеп өсіп келеді. 1997 жылға дейін елде ресми түрде бекітілген исламдық қаржылық қызметтер болған жоқ.

Бүгінде 9 ұйым исламдық қаржы өнімдерін ұсынады, олардың ішінде: LARIBA Finance House Group Direct Financial Group Devon Bank Bank HSBC Neighborhood Development Center World Relief SHAPE Financial Group бар. Исламдық қаржы шариғаттарын сақтаудың негізгі қағидаттары Рибаға (мүддеге, яғни, пайда көру үшін пайызға), Майсирге (Құмар ойындарға) және Гаррға (Шектен тыс белгісіздік) тыйым салуға негізделген.

«әл-Жазира» материалы бойынша әзірлеген

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6