Еуропа химикаттан бас тартады
Еуропа химикаттан бас тартады
3 жыл бұрын 2429 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Nikolay Gyngazov / Globallookpress.com

Еуропалық елдер өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғайтын синтетикалық пестицидті бақтарды пайдаланудан бас тартуды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлыбритания билігін де химикаттарға тыйым салуға шақырды. Әзірге химикаттарды қолдануды 50 пайызға дейін азайтпақ. Пестицидті пайдалануға қарсы Ұлыбританияда 70-ке тарта қала тұрғындары шыққанымен ресми тыйым салынбай отыр. «Еуропалық одақта пестицидтерді ұдайы пайдалану жөніндегі комиссияның ұсынысы негізсіз емес. Бір жағынан, еурокомиссия ескі директиваның мемлекетке көп еркіндік беріп қойғанын да мойындайды, сол себепті, комиссия оны рагламентке айналдырғысы келеді. Екінші жағынан, комиссия мұндай игі идеяны жүзеге асыратын шаралардың жеткіліксіздігін алға тартады»,- деді Еуропарламент депутаты Сара Винер. Өткен 2021 жылдың шілде айында Англияның көп бөлігінде, дәлірегі, қалалық жерлерде дала гүлдерінің жайқалып өсуіне жағдай жасау үшін шөп орылмаған болатын. Мұндай бастаманы осыдан бірнеше жыл бұрын Plantlife қайырымдылық ұйымы қолға алған болатын.

0 пікір
Мұрағат