Еуропа еліндегі мұсылман ер-азаматтардың діни кемсітушілігіне қатысты зерттеу нәтижесі шықты
|
Германияда мұсылман ер-азаматтардың діни кемсітушілігіне қатысты таяуда жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесі жарияланды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде түріктердің Anadolu Agency ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бір қарағанда, зайырлы қоғамда ерлердің мұсылман екенін сырт келбетінен ажырату қиын, өйткені, әйелдер секілді шариғат шәлісін жамылмайды. Десе де бұл бағыттағы зерттеу күтпеген нәтиже көрсеткен: Берлин қаласындағы интеграцияны және көші-қонды зерттеумен айналысатын орталық (Dezim) ел аумағындағы мұсылман ер-азаматтардың 41,2%-ның нәсілдік кемсіту мен исламофобиядан зардап шеккені анықталды. Дәлірегі, неміс қоғамында мұсылман ерлер билік органдары мен полиция тарапынан көп кемсітушілікке ұшырайтын болып шықты. Тарқатып айтқанда, мұсылман ерлердің 39%-ы полиция қызметкерлерінен, 51%-ы мемлекеттік мекемелерге барғанда кемсітушілік көрген.