Еуропа елінде қара мысықты панасыздар мекенінен уақытша алуға тыйым салынды
Еуропа елінде қара мысықты панасыздар мекенінен уақытша алуға тыйым салынды
2 ай бұрын 532 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Испанияның Каталония аймағының солтүстік-шығыс бөлігінде орын тепкен  Терраса қаласындағы панасыздар мекенінен қара мысықты ұстай тұруға, яғни, уақытша асырап алуға тыйым салынды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жергілікті билік жақындап қалған Хэллоуин мерекесі кезінде соқыр наным-сенімге байланысты жануарға зиян келтіре ме деген қауіппен осындай шешімге келгенін түсіндірді. Яғни, Хэллоуин мейрамы кезінде жазықсыз жануар ажал мен өзге де жамандықты шақырады деген немесе зұлымдықтан қорғайды деген ескіліктің сарқыншағындай болған соқыр сенімнің жетегіне ергендердің ермегіне, дәлірегі, қандай да бір соқыр сеніммен байланысты жөн-жоралғының құрбанына айналуы мүмкін. Аталмыш тыйым қараша айының 6-10 күндері аралығында күшінде болады. Әдетте кәрі құрлықта Хэллоуин мерекесі кезінде қара мысыққа сұраныс күрт артады. Десе де Терраса қалалық кеңесі өлкеде қара мысыққа залал келтірген фактінің осы уақытқа дейін тіркелмегенін, алайда, көрші өңірлерде қара мысықтың обалына қалған оқиғалардың орын алуына байланысты осындай сақтық шарасына барып отырғандарын да жасырмады. Каталондық ақпарат агенттігі келтірген дерекке қарағанда, Террасала 9800-ден аса мысық бар, олардың 100 шақтысы панасыздар мекенінде. Осы панасыздар мекеніндегі мысықтардың 12-і қара түсті.

0 пікір
Мұрағат