Еуропа елінде мешіт қауіпсіздігіне мемлекет бюджетінен қаржы бөлінеді
Еуропа елінде мешіт қауіпсіздігіне мемлекет бюджетінен қаржы бөлінеді
1 жыл бұрын 1128 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Британияның қауіпсіздік мәселелеріне жауапты министр Том Түгенхат ел аумағындағы мұсылмандардың құлшылық үйлерін исламофобтар шабуылынан қорғау үшін бюджеттен қаржы бөлінетінін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The National дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырыпы мәлім етеді. Осылай деген ол Англия мен Уэлстегі мешіттер мен шіркеулердің, үнді пұтханаларының және өзге ғибадат ғимараттарының қауіпсіздігін күшейтуге 28 млн фунт стерлинг  бөлінетінін жеткізді. Бұл қомақты қаражат дабыл қағу жүйесін, бейнебақылау камераларын, т.б. орнатуға жұмсалады. Сөз орайы келгенде 2021-2022 жылдары Англия мен Уэлстегі мұсылмандарға қарсы қылмыс деңгейі 42%-ға жеткенін айта кету керек. Жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінетін қаражат тек мешітке ғана емес, сонымен қатар, медреселер қауіпсіздігіне де бағытталады.

0 пікір
Мұрағат