Еуропа елі шыбындарға да құқық бергісі келеді
|

Швецияның мемлкеттік ауыл шаруашылық басқармасы кесіртке мен бақа асырайтындарға немесе аталған жануарлардың қожайындарына оларды тірі шыбындармен қоректендіруіне тыйым салуды ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Svenska Dagbladet мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай бастаманың ғылыми негізі де жоқ емес: жемтікке айналған жәндіктің жаны қиналатын болып шықты. Осыған байланысты шведтердің жануарларды қорғау туралы заңда қарастырылған құқықты шыбындарға да беруге үндеп отыр. Бұдан бөлек, тасбақаны шомылдыруға, тордағы атжалмандарға жүгіруі үшін айналатын дөңгелек орнатуға тыйым салынуы ықтимал. Мал шаруашылығы жөніндегі сарапшы бұл бастамаға теріс жауап берді. Ол жаңа ереженің ақылға сыймайтынын алға тарта келе үй жануарларын күтуді айтарлықтай қиындатады, деп есептейді. Сондай-ақ, сыншылар заң жобасы үй жануарларымен жүргізілетін нақты тәжірибеге емес, асығыс қорытындылар мен күмәнді зерттеулерге негізделетінін атап өтті.




