Еуропа елі экономикасын көтеру үшін салмақ тастауға көмектесетін дәріні пайдаланбақ
Еуропа елі экономикасын көтеру үшін салмақ тастауға көмектесетін дәріні пайдаланбақ
1 ай бұрын 926 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияда семіздік індетіне шалдыққан жұмыссыздарға салмақ жоғалтуға арналған инъекция тағайындау науқаны өз кезегінде Еупропаның экономикалық әлеуетін ашуы мүмкін. Бұл туралы islam.kz порталы өз кезегінде Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Уэс Стритингтің мәлімдемесіне жөн сілтеген Euronews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш министрлік семіздік дерті диагнозы қойылған жұмыссыздарға салмағын жоғалтуды көмектесетін жобаға қатысты жоспарын жария етті, сол арқылы олардың артық салмақтан арылып, жұмысқа қайта оралуына және Британ экономикасының өсуін жеделдетуге ықпал етпек. Жұмысша күшінің тапшылығынан зардап шегіп отырған аталған ел билігі экономиканы көтеру әрі ұлт дженсаулығын нығайту бағытында осындай тың бастама көтеріп отыр. Дәлірегі, бұл арада адам денесіне жиналған артық майды кетіруге көмектесетін дәрі-дәрмек өндіру бойынша әлемде алдыңғы қатарда тұрған  Lilly компаниясына құйылатын 280 млн фунт стерлинг (336 млн еуро) мөлшеріндегі инвестиция турасында сөз болып отыр. Осылайша британ үкіметі бір оқпен екі қоянды атып алмақ: семіздікке байланысты денсаулық сақтау саласына түсетін салмақты азайту арқылы еңбек нарығына ықпал етіп, экономиканы көтермек. «Қарынның шығуы» елдің денсаулық сақтау қызметіне ауыртпалық түсіріп, жылына 11 млрд. фунт стерлинг (13 млрд еуро) шығын әкеліп отыр, бұл көрсеткіш щылым шегуден болатын аурулардан зардап шегетін науқастарды емдеуге кететін шығыннан да көп. Семіздікке байланысты адамдар жылына орта есеппен төрт қосымша ауру парағын аштырып, емделу үшін жұмыстан қалады. Артық салмақтан зардап шегетіндер арасында жұмыс істемейтіндерінің қарасы көп әрі оларға қоғамға масыл болып отыр. Осыны ескерген билік аса ірі фармацевтикалық компаниялармен әріптестік орнатып, озық технологияға негізделген дәрі-дәрмекке иек артып отыр. Нарықтағы ең тиімді салмақ жоғалту инъекциясы деп танылған Mounjaro дәрісінің сынақтары Үлкен Манчестер өтпек. Статистикалық дерекке сәйкес бүгінгі таңда Ұлыбританиядағы семіздік дерті ел экономикасына жыл сайын 3,2 млрд фунт стерлинг (3,8 еуро) шығын әкелуде. Бұл шығынның жартысын семіздікке байланысты еңбек өнімділігінің төмендегенінен келетін шығын құрайды.

0 пікір
Мұрағат