Еуропа елі екі жасқа толмаған балаға қолданылған эфтаназия процедурасын заңды деп тапты
Еуропа елі екі жасқа толмаған балаға қолданылған эфтаназия процедурасын заңды деп тапты
7 минут бұрын 10 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Pogiba Alexandra / Global Look Press

Нидерландыда өткен жылы (2025) екі жасқа да толмаған сәбиге қолданылған эфтаназия процедурасын заңды деп таныды. Осыған байланысты аталған елдің прокуратурасы дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғамауды ұйғарып отыр. Өйткені, дәрігерлер процедураға байланысты барлық ереже талаптарын сақтаған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Hart van Nederland ақпарат көзіне жөн сілтеген Lenta.ru агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада жүктіліктің 26-шы аптасында дүниеге келген ұл бала турасында сөз болып отыр. Оған бірден миы зақымдалған, талма (эпилепсия) және тыны салу жолында кінәраты бар деген бірнеше ауырр диагноздар қойылған. Эфтаназияның жаңа ережесі Нидерландыда 2024 жылы қабылданды. Осы ережеде беті бері қарамайтын, айықпайтын дертке шалдыққан бір жастан 12 жасқа дейінгі балаларды азабынан құтқару үшін эфтаназия процедурасы қолданылуына рұқсат етілген. Ата-анасының келісімімен.

0 пікір
Мұрағат