Еуропа елдері жаһандық проблема бойынша келісімге келді
Еуропа елдері жаһандық проблема бойынша келісімге келді
2 жыл бұрын 1038 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Shutterstock

Еуропалық Одақ жаһандық жылыну проблемасы бойынша ортақ келісімге келіп, осы онжылдықтың соңына қарай атмосфераға бөлінетін зиянды заттар мөлшерін азайту туралы заң қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ЕО елдері арасында бекітілген құжат «күш-жігерді бөлісу ережесі» деп аталады. Аталған құжатта қарастырылған талаптарға сәйкес ЕО елдерінің басқа салалармен қатар көлік, құрылыс, жылу, ауыл шаруашылығы және қалдықтар бөлетін зиянды заттарды азайту міндеттері қамтылған. Жаңа заңға сәйкес бұл аймақтан шығарылатын зиянды заттар 2005 жылмен салыстырғанда 40 пайызға азайтылуы тиіс. Бұл келісім Еуропалық Одақтың 1990 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2030 жылға қарай атмосфераға бөлінетін зиянды заттарды 55 пайызға азайту жоспарының бір бөлігі. 2050 жылға қарай ЕО көміртектен ада аймақ мәртебесіне қол жеткізуді жоспарлап отыр. Заң ЕО-ның барлық мүшелерінің проблемаға әділ үлес қосуын қамтамасыз етуі керек - бай елдер шығарындыларды 50 пайызға, ал ресурстары аз елдер 10 пайызға қысқартуы керек.

0 пікір
Мұрағат