Еуропа демографиялық апат алдында тұр
Еуропа демографиялық апат алдында тұр
13 сағат бұрын 147 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Еуроодаққа мүше он екі елдің туу көрсеткіші құлдырап кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Германияның федеративті стаитистикалық бюросы келтірген дерекке қарағанда, өткен жылы (2023 жылы) Германиядағы туу көрсеткіші бір әйелге шаққанда 1,35 балаға дейін төммендеген. Бұл көрсеткіш Біріккен Ұлттар Ұйымы белгілеген ең төменгі 1,4 деңгейінен әлдеқайда төмен. Енді Германия мұндай көрсеткішпен халық санының бұрынғы көрсеткішін қалпына келтіру мүмкін емес. Демографиялық ахуал ЕО құрамындағы Эстонияда, Австрияда, Испанияда, Грекияда және Италияда мейлінше нашарлаған. Осы орайда әлемге әйгілі Tesla Motors, SpaceX, Neuralink, The Boring CompanyTesla Motors, SpaceX, Neuralink, The Boring Company компанияларының негізін қалаған, дәулеті бойынша бірінші орында тұрған Илок Маск Еуропаға демографиялық дағдарыстан жоғалу қатері төнгенін мәлімдегенін айта кетпекпіз. Тек Еуропа ғана емес, күллі адамзат туу көрсеткішінің құлдырауына байланысты сейілуі қиын қауіппен бетпе-бет келіп отырғанын да мәлімдеген еді.

0 пікір
Мұрағат