Еуропа әлемде алғашқы болып жасанды зердені шектейтін заң қабылдады
Еуропа әлемде алғашқы болып жасанды зердені шектейтін заң қабылдады
9 ай бұрын 838 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Leon Neal / Getty Images

Еуропарламент әлемде алғашқы болып жасанды зердені қолдануды реттейтін заң жобасын қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасына 523 депутат жақтап, 46-сы қарсы дауыс берсе, қалыс қалғандары – 49. Бұл бағыттағы заң адамның жүзін тану технологиясының деректер базасын, сондай-ақ, әлеуметтік рейтинг жүйелерін құру үшін интернеттен немесе бейнебақылау камераларынан адамдардың суреттерін пайдалануға тыйым салады. Бұдан бөлек, құқық қорғау органдарының адамның биометриясын анықтау жүйелерін пайдалануға және полицияның ықтимал қылмыс үшін жасанды зерде көмегіне жүгінуіне тыйым салынған. Бұған қоса, адамның мінез-құлқын пайдаланып, айла-шарғы жасауына немесе адамның осал тұсын пайдалануға тыйым салынады. Осылайша жасанды зерденің адам құқығы мен демократиялық құндылықтарға қауіп төндірмеу жағы ескерілді. Бұл заң талаптарын бұзған заңды тұлғаларға 35 млн еуро немесе жаһандық айналымдағы капиталына шаққанда 7% айыппұл салынады. Заң 36 ай ішінде біртіндеп қолданысқа енгізіледі.

0 пікір
Мұрағат