Еуроодақтың тоғыз елі Израилдің «террорист» анықтамасына сенбейді
Еуроодақтың тоғыз елі Израилдің «террорист» анықтамасына сенбейді
2 жыл бұрын 1653 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуропалық одаққа мүше елдерден тоғыз мемлекет Израил билігі өткен жылы террористік ұйым ретінде таныған палестинкалықтардың алты азаматтық ұйымымен бірлесіп жұмыс жүргізіп келеді. Дәлірегі, Израилдік биліктің бұл ұйымдарды террорист деп тануға негіз болатын дәлел мен дәйегі жоқ болғандықтан ЕО құрамындағы елдерден тоғыз мемлекет палестиналық ұйымдармен жұмысын жалғастыруда. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израил билігі палестиналық ұйымдарды содырларға донорлық көмек берді деп айыптап, лаңкестік ұйымдар деп атаған еді, израилдік биліктің бұл палестиналық ұйымдарға қатысты бұл айыбы негізсіз деп танылып, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен құқық қорғаушылар тарапынан сынға ұшырады. Израил басып алған Иордан өзенінің батыс жағалауындағы адам құқығына атысты заңсыздықтарды тіркеп, құжаттайтын «Аддамир» және «әл-Хақ» ұйымдарының құқық қорғаушылары өздерін лаңкестік ұйым деп таныған Израил билігінің бұл айыптауын теріске шығарып отыр. Белгияны, Данияның, Германияның, Ирландияның, Италияның, Нидерландының, Испанияның және Швецияның сыртқы істер министрліктерінің бірлескен мәлімдемесінде Израил билігін «нақты ақпарат бермеді» делінген. Яғни, палестиналық ұйымдарды лаңкестік ұйым ретінде тануға негіз болатын дәлел келтірмеген. «Егер керісінше дәлелдер ұсынылса, біз соған сәйкес әрекет етеміз», - деді олар. «Мұндай дәлелдер болмаған жағдайда, біз басып алынған Палестина аумақтары аймағындағы азаматтық қоғаммен ынтымақтастығымыз бен қолдау көрсетуімізді жалғастырамыз», деп айтылған бұл тараптағы мәлімдемеде. Оқырманғға түсінікті болу үшін өткен жылы Израил билігінің алты палестиналық ұйымды АҚШ пен ЕО-ның терористер тізімінде тұрған Палестинаны азат етудің халықтық майданы деп аталатын ұйымымен тығыз байланыс орнатты деп айыптағанын айта кетпекпіз. Осы жылдың сәуір айында Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі сарапшысы әрі БҰҰ-ның басып алынған палестина аумағындағы адам құқығы бойынша арнайы баяндамашысы бұл бағыттағы тергеу әрі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанда кейбір демеушілердің үкіметтік емес ұйымдарға жарнасын кешіктіріп беруіне байланысты олардың жұмысы уақытша тоқтап қалғаннын жеткізген болатын. Осы келеңсіздікке байланысты ЕО-ның тоғыз елі демократиялық құндылықтарды орнықтыру әрі қуатты азаматтық қоғамды құру үшін халықаралық қауымдастықты қолдауға шақырған болатын.

0 пікір
Мұрағат