Еуроодақтың Израилге санкциясы туралы Дания шенеунігі де сөз қылды
|
Естеріңізде болса, осыдан біраз күн бұрын Финляндияның сыртқы істер министрі Еуродақтың Палестина халқын қан қақсатып отырған Израилге санкция салатыны жөнінде мәлімдеме жасағаны турасында өздеріңізге хабарлаған едік. Бұл жолы Данияның СІМ басшысы Мартин Лидегард та осындай мәлімдеме жасады. Ол Мысыр астанасында алдағы күндері өтетін Израиль–араб келіссөзінде жөйт билігі палестиналықтардың талаптарын орындаудан бас тартқан жағдайда Еуродақ Израилге санкция салатынын жеткізді. Бұл жайында даттардың The Local басылымы хабар таратты. Данияның жоғары лауазымды шенеунігінің айтуынша, Израиль билігі, Газа секторын әлем елдерінен оқшаулап ұстауын тоқтатуы тиіс. Сонымен қатар, палестиналықтардың жерінде келімсектер үшін жүргізіп жатқан заңсыз құрылыс жұмыстарын да тоқтатуы керек.