|
Еуроодақтың еуропалық нәсілділерге бүйрегі бұратынын аңғартып қойды
|
Еуроодаққа мүше елдер паналатқан сириялық босқындарға қарағанда украиналық босқындардың қарасы көп. Бұл жайында Deutsche Welle ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, Еуроодақ аумағында 589 мың украиналық босқын тұруға рұқсат алған екен. Ал сириялық босқындар арасындағы бұл көрсеткіш 348 мың адамды құраған. Айта кету керек, украиналық босқындардың дені, дәлірегі, 87 %-ы Польшадан пана тапқан екен. Ал тұтастай алғанда, босқындарды паналатуда Ұлыбритания көш бастап тұр – 866 мыңға тарта адамды қанатынығ астына алған. Одан кейінгі орында Германия жайғасқан – 505 мың босқын. Жалпы есеп бойынша өткен жылы Еуроодақ аумағында 3,4 миллион босқынға тұруға рұқсат берілген екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өз-өзін тыңайтатын өсімдік өсірудің жолы табылды
■
Алпауыт елдің биылғы доктринасы: тек күштілеріне көмектесу
■
Қытай алғаш рет жаңғыртпалы энергия көздерінің есебінен электр энергиясына деген жаңа қажеттіліктің орнын толтырды
■
Жыл соңына дейін исламдық ипотека ашылмақ
■
20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген...