Еуроодақ атылатын қарулар мен 3D-принтерінде басылған қарулар бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізейін деп жатыр
Еуроодақ атылатын қарулар мен 3D-принтерінде басылған қарулар бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізейін деп жатыр
1 сағат бұрын 32 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. © AP Photo

Заңсыз жолмен қаруды сақтаған, өндірген және сатқан  адам Еуропалық комиссия таяуда ұсынған ұсынысқа сәйкес бүкіл Еуропалық одақ бойынша екі жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Africanews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Брюсселде ЕО атқарушы органы ұсынған директиваның жобасы атыс қаруына байланысты құқық бұзушылықтың Еуроодаққа  мүше 27 мемлекетте қалай анықталатынын және жазаланатынын үйлестіруді көздейді. Өйткені, ұлттық ережелердегі айырмашылықтар қаруды заңсыз иеленуге мүмкіндік беріп отыр. Атыс қаруының 3D-баспа сызбаларын жасағанға, сатып алушыға, сақтағандарға немесе таратқанға кемінде екі жылға бас бостандықтан айыру жазасы көзделген; Атыс қаруын және оның қажетті компоненттерін заңсыз жолмен иелену бес жылға дейін бас бостандығынан айыр жазасына әкеп соғады; ал адам саудасы мен өндіріске қатысты қылмыстар үшін сегіз жыл бас бостандығынан айыру  жазасы қарастырылған. Еуропалық комиссияның қолындағы дерекке қарағанда, қазіргі уақытта бүкіл ЕО аумағында 620 000 атыс қаруы жоғалған немесе қолды болған, ал мұндай қарушылар бұл терроризмді, ұйымдасқан қылмысты және зорлық-зомбылықты қауіпті деңгейге көтереді. Жыл сайын ЕО-ның 27 мүше мемлекетінде атыс қаруы қолданылған зорлық-зомбылықтан 1300-ге жуық адам қаза тапқан. Комиссия бұл тараптағы қауіп-қатердің 3D-басып шығару сияқты технологиялық жетістіктермен байланысты артып келе жатқанын ескертеді. 3D-принтері негізінде басылатын қару жобасын жасау да, басып шығару да, қару нұсқаларына қатысты цифрлы файлдарды тарату да оңай. Мұндай қаруларды құрастыру мен шығаруды қылмыстық іске жатқызу күн тәртібіндегі мәселелердің біріне айналған. Бұдан бөлек, ЕО елдері әр бес жыл сайын заңсыз айналымнан қаруды тәркілеуге, қарудың қайда сатылғанын немесе таратылғанын анықтауға қатысты мәліметтерді алмасып, бөлісіп отырады. Заңсыз қару-жарақ мониторингісін жүргізу де назардан тыс қалмайды.

0 пікір
Мұрағат