Еуродақ ресейліктерге ЕО аумағына жеке смартфондарымен және автокөліктерімен кіруге тыйым салды
Еуродақ ресейліктерге ЕО аумағына жеке смартфондарымен және автокөліктерімен кіруге тыйым салды
1 жыл бұрын 902 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еурокомиссия ресейліктерге қатысты санкциялық заңнама түсіндірмесін растады. Еуродақ аумағына немесе ЕО елдеріне ресейліктер бұдан былай жеке смартфондарымен, автокөліктерімен және опа-далаптарымен кіре алмайды. Егер аталмыш ереже орындалмаған жағдайда бұл тыйым салынған импорт ретінде бағаланады әрі тиісті шара қолданылады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еурокомиссия XXI қосымшада көрсетілген барлық көліктерге, соның ішінде 8703 коды (жеңіл автокөліктер және он адамнан аз адамды тасымалдауға арналған басқа көліктер) Ресейден шыққаны немесе РФ-дан экспортталатын болса, мұндай көліктерге тыйым салынғанын атап өтті. Мұндай көліктер жеке немесе коммерциялық мақсатта пайдаланылатынына қарамайды. Брюсселдегі Acquis заңгерлік фирмасының серіктесі, санкциялар бойынша маман Юрий Шумиловтың айтуынша, бұл тізімге опа-далап, чемодан, ноутбук пен смартфон, сондай-ақ, былғары мен ұлпа жүнді жануарлардан дайындалған бұйымдар, жартылай бағалы және асыл тастар, дәретхана қағазы, фотоаппараттар кіреді. Көлік құралдарының ішінде тек автокөліктер ғана емес, сонымен қатар, жүкті тасымалдауға арналған тіркемелер мен жартылай тіркемелер, яхталар да енеді.

0 пікір
Мұрағат