Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ валюта енгізіледі
Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ валюта енгізіледі
6 жыл бұрын 4184

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ валюта енгізіледі. Бұл осы ұйымның Ұлттық есеп кеңесінің бастамасы.

Жаңа валюта мемлекетаралық сауда операцияларында ғана қолданылады, деп хабарлайды stan.kz порталы Еуразия ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. 

Бұрын-соңды болмаған ақша электронды нұсқада ғана жүзеге асырылмақ. Валютаны енгізу арқылы санкция қаупі төнген кезде өзара есеп айырысуды жеңілдетуге болады, дейді кеңес өкілдері. Ал оның бағамы Одаққа мүше елдердің ұлттық валюталарының өзара қатынасына тәуелді болмақ.

Бірыңғай төлем жүйесіне қазірдің өзінде бірнеше ресейлік ірі қаржы ұйымдары қызығушылық білдірген. Ресейдің қаржы министрі Алексей Моисеев, еуроның тұрақты валютаға айналуына септік еткен “Еуропалық валюта бірлігін” мысалға келтіре отырып, одақтың бірыңғай валютасының тағдыры да осы сценарий бойынша өрбуі мүмкін деді. Сарапшылардың сөзінше, электронды валюта енгізілуі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер біртіндеп доллардан бас тартуына алып келеді.

0 пікір
Мұрағат