Етеккірі келген әйелге заңды демалыс берілетін болды
Етеккірі келген әйелге заңды демалыс берілетін болды
3 жыл бұрын 1346 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Испания билігі елдің барлық аумағында түсік жасатуға әйелдерге кепілдік беруді әрі етеккірі келген әйелдің қалпына келуіне барлық жағдай жасауды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кәрі құрлықтағы аталған елдің солшыл коалициялық үкіметі кеше, яғни, сейсенбіде түсік жасату құқығын бекіту туралы заң жобасын мақұлдады әрі Испания әлем бойынша етеккірі келген әйелге демалыс беруді алғаш рет заңдастырған ел ретінде тарихта қалатын болды. Бұған қоса, мемлекеттік мекемелерде, соның ішінде мектептер мен медициналық орталықтарда тегін менструалды құралдырды тегін беруге кепілдік берілмек. Социалистер басқаратын азшылық үкіметі атынан  тең құқықтық министрі Ирене Монтеро тілшілерге берген сұхбатында әйелдің өз денесіне өзі иелік ететінін, дәлірегі, өз денесіне өз қалауынша қарау құқығына кепілдік береміз деп мәлімдеді. Егер бұл тараптағы заң жобасы қабылданса, 16-17 жастағы бойжеткендерге ата-анасының келісімінсіз жүктлікті үзуіне әрі ойлануға берілетін міндетті үш күндік мұрсатты жоюға мүмкіндік пайда болмақ. Сондай-ақ, жүктіліктің 39-шы аптасында аяғы ауыр әйелге ақы төленетін демалыс беру қарастырылған. Аталмыш заң жобасында, сонымен қатар, Испания аумағында заңсыз деп танылған суррогаттық жүктілік әйелдерді зорлаумен бірей әрекет, яғни, зорлық-зомбылықтың бір түрі ретінде бағаланатыны айтылған.

0 пікір
Мұрағат