Ет өндірісінен бөлінетін парникті газдың үлесі
Ет өндірісінен бөлінетін парникті газдың үлесі
3 жыл бұрын 1474 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Friends of the Earth халықаралық ұйымы мен генрих Белл атындағы қор ет пен сүт өнімдерін тұтынуға қатысты зерттеу жүргізді. Бұл жайында islam.kz порталы friendsoftheearth.eu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зерттеу барысында белгілі болғандай, соңғы 20 жыл ішінде әлемде етті тұтыну көрсеткіші екі есе артқан: 2018 жылы бұл көрсеткіш 320 млн тоннаны құраса, 2028 жылы бұл көрсеткіш 13%-ға артпақ. Бұған адамзат қарасының көбеюі себеп болады. Етке деген сұранысты қанағаттандыру үшін ет өндірушілер жайылымды ұлғайтуға мәжбүр – орман-тоғайды отау, батпақты өңірлерді құрғату есебінен. Мұның бәрі климат өзгерісінің дағдарысын тереңдетіп, топырақты құнарсыздандырады, бұдан бөлек, биологиялық әр алуандылықты азайтады. Етті ең көп тұтынатын елдер арасында Австралия, АҚШ және Аргентина көш бастап тұр: аталған елдерде бір тұрғын жылына 100 келі тұтынады. Ресей мен Қытайда жылына көрсеткіш 60-80 келіден айналады. Ал етті ең аз тұтынатын ел – Үндістан (бір тұрғынға жылына 20 келіден айналады). Қытайдың алдына доңыз етін өндіруден шыққан ел жоқ – жылына 50,5 млн тонна; АҚШ құс еті бойынша көш бастап тұр – 21,8 млн тонна және 11,8 млн тонна жылына. Ет өндіру бойынша алғашқы бестік (Австралия, АҚШ, Аргентина, Үндістан, Қытай) жылына атмосфераға 578 млн тонна парникті газ бөліп отыр. Бұл көрсеткіш Exxon, Shell немесе BP мұнай-газ компанияларының атмосфераға бөлетін газынан көп.

0 пікір
Мұрағат