ESA тарихта тұңғыш рет ғарышты қоқыстан тазарту миссиясын мақұлдады (видео)
ESA тарихта тұңғыш рет ғарышты қоқыстан тазарту миссиясын мақұлдады (видео)
5 жыл бұрын 3439 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғарыштағы қоқыс, дәлірегі, жер орбитасындағы қоқыс спутниктермен, ғарыш стансаларымен қақтығысып қалу қаупі жоғары, қақтығысып қалған жағдайда жасанды жер серіктерін зақымдап істен шығарады. Кезінде миссиясын атқарып болған спутниктерден, ғарышқа ұшырылған өзге де зымырандардан бөлініп қалған бөлшектер мен фрагменттер (көлемі 10 сантиметрден асатын) шамамен 11 мыңнан асады. Ал 1 сантиметрден 10 сантиметрге дейінгі обьектілер саны жүз мыңнан асып жығылады. Осы орайда еуропалық ғарыш агенттігінің ClearSpace-1 жобасы тарихта тұңғыш рет ғарыш кеңістігін қоқыстан тазалауға арналған. Аталмыш жоба 2025 жылы жүзеге асырылады. ClearSpace-1 жобасында алдымен ғарыштағы қоқысты жинау технологиясын сынақтан өткізеді. Халықаралық құқық нормаларына сай спутниктер, тіпті, ол істен шықса да әлдебір мемлекеттің меншігі болып табылады. Сол себепті, ESA – VESPA (Vega Secondary Payload Adapter) аппараты салмағы шамамен 100 келіге тартатын, спутниктерге қауіп төндіретін обьектілерді жинайтын болады. қазіргі уақытта аталмыш аппарат жерден 800 шақырым биіктікте ұшып жүр. ClearSpace-1 ғарыш «тазалаушысы» іске қосылған соң жерден 500 шақырым биіктікте арнайы қармағышымен қоқысты жерге жақындатады. Қоқыс өз кезегінде атмосферада қысыммен анып кетуі тиіс.

Әлемдегі танымал Business Insider басылымы ғарышты ең көп ластайтын елдердің тізімін жариялаған болатын осыдан екі жыл бұрын.. Бұл тізімде бірінші орында АҚШ тұр. Одан кейінгі орындарға Ресей мен Қытай елдері жайғасқан. Ғалымдар соңғы жылдары ғарыштағы металл қалдықтарынан пайда болған қоқыстарды жою мәселесіне бас қатырып келеді. Егер ғарышты ол қоқыстардан тазартпаса, бұл саланың дамуына едәуір кедергі келтіреді екен. Себебі, бүгінде ғарышқа ұшырылған аппараттардың 90 пайыздан көбі жарамсыз қалған. Олар: істен шыққан ғарыш станциялары, зымыран бөлшектері, астронавт құралдары, т.б. Басылым мәліметінше, Жерге жақын қоқыс қалдықтарының көпшілігі Ресейге тиесілі екен. Ал көш басында АҚШ тұр. Зерттеушілер дерегі бойынша, ғарыштағы қоқыстар тапанша оғынан он есе қатты жылдамдықпен қозғалады. Бұл дегеніміз - ғарышты зерттеу аппараттарының істен шығуына бірден-бір себепкер. 

текст при наведении

ClearSpace-1

 

0 пікір
Мұрағат