Ерлік деп осылардың еңбегін айт! (Фото)
Ерлік деп осылардың еңбегін айт! (Фото)
8 жыл бұрын 3471

Еденде шалқасынан кескен теректей сұлап жатқан қытай оташылдарының фото-суретә күллі әлемді шарлап кетті. Фуцзян провинциясының бір тәуліктен аса уақытқа, дәлірегі, табаны күректей 32 сағатқа созылған отадан соң қолдарын шаюға да шамалары келмей тұрған жерлерінде құлай кеткен дәрігерлердің ерен ерлігіне әлем жұртшылығы тәнті болды. Тарқатып айтсақ, операция сенбі күні таңғы сағат 8:30-да басталып, келесі күннің күн батуға шақ қалған кезінде аяқталған. Осы отаға қатысқан  Чен Зяньпин есімді ақ халатты абзал жан: «Пациент миының стволдық бөлігіндегі аневризмнен және ангиобластомнан азап шегетін еді. Осы отада біз ісікті алып тастауымыз керек болды. Бұл үшін пациентті алты түрлі хирургиялық процедурадан өткіздік. Бұл оңай болмады, қатері көп әрі көп уақытта қажет етті. Егер біреуін алып тастап, екіншісіне зақым келсе, онда еңбегің еш кетті дей беріңіз»,- деп еске алды ол. Операция кезінде хирургтер кезекпен тек екі сағаттан ғана тыныққан болатын. Бұл ота ұзақтығы жағынан медицина тарихында рекорд орнатты. Бір тәуірі, хирургтердің еңбегі еш кетпеді, ота сәтті аяқталды. Олардың фото-суреттері әлеуметтік желі арқылы әлемді шарлап кетті. Пікір білдіргендердің қарасы көп болды. Ғаламтор қолданушылардың кейбіреулері пациенттің өміріне араша түсіп, құтқарып қалғаны үшін оларды қалған ғұмырында алаңсыз демалысқа шығаруды ұсынды. Алайда, дәрігерлердің өзі отаның ұзаққа созылуын қалыпты жағдай санап отыр. «Науқастарды емдеп-жазу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, мұндай хирургтер көп, олар туралы біле бермейміз»,- деді дәрігер Чен.

 2_result

3_result

0 пікір
Мұрағат