Ерлі-зайыптылар тегінің түрлі болуына салынған тыйымды күшінде қалдырды
Ерлі-зайыптылар тегінің түрлі болуына салынған тыйымды күшінде қалдырды
3 жыл бұрын 1695 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияның жоғарғы соты ерлі-зайыптылардың түрлі текте болуына 1889 жылы заң жүзінде салынған тыйымды күшінде қалдырды. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күншығыс елінің жоғарғы сотының мұндай шешім қабылдауына Токио қаласының бірдей текте болғысы келмеген ерлі-зайыптылардың шағымы себеп болған. Осы орайда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ел билігі ерлі-зайыптыларға өзара келісіп, өздері қалауы бойынша (ерінің  немесе зайыбынығ) тегін таңдауға рұқсат еткенін айта кету керек, алайда, ерлердің тек 4%-ы ғана зайыбының тегіне жазылған еді. Аталмыш норма тұрмысқа шықпай тұрып, өз тегімен мансабын жоғарылатқан әйелдерге қиындық тудырып отыр. 2017 жылы билік тұрмыстағы әйелдерге шетелдік төлқұжатына жаздыруға рұқсат еткен болатын. Десе де мұндай артықшылық шетелде өзінің тегімен (тұрмысқа шықпай тұрғандағы тегімен) танылғанын ел билігіне дәлелдей алған әйелдерге берілген. Осы жылдың наурыз айында Nikkei мерзімді басылымының осы тарапта ел арасында жүргізген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, респонденттердің 67%-ы аталмыш тыйымды алып тастауды жақтаған еді.

0 пікір
Мұрағат