Ердоғанмания белең алып барады (ВИДЕО)
Ердоғанмания белең алып барады (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2915

Түркиядағы жүзеге аспай қалған немесе кей сарапшылардың пікірінше, саяси қойылым түрінде өткен, сәтсіздікке ұшыраған мемлекеттік төңкеріс ислам әлемін екіұдай күйде қалдырып отыр. Әлемді елең еткізген бұл оқиғаның шаңы басылмай жатып, Ердоғанмания белең алып келеді. Соның бір көрінісі ретінде Сауд Арабиясы тұрғынының ұлының азан шақырып қойған атын «Ердоған» деп өзгерткенін мысалға алсақ  жетіп жатыр. Райан әл-Отейби есімді ұлының ныспысы бұдан былай Ердоған әл-Отейби деп аталатын болады. Әкесінің қалауы осындай. «Заңды жолмен сайланған президенттің мемлекеттік төңкерісте жеңіп шыққанына» құрметін осылай білдіріпті. Тіпті, видеоүндеу жариялап, әлемге жар салып отыр. Десе де, оның бұл қадамы саудиялықтардың наразылығын тудыруда: Ердоғанды жеккөргендіктен емес, арабтарға тән емес есімді қойғаны үшін.

1 пікір
  • Islam Jemeney

    Бүгінгі Түркия елінде болып жатқан ішкі қақтығыстар мен тартыстарды күнделік саяси талдау жасап, ат-үсті алай болды, былай болды деп жеңіл-желпі қорытып айтудан сақ болу керек. Түрік халықтары ғасырлар бойы əлем елдерінің саяси-мəдени тағдырына ықпалды рөл ойнап келген саяси мəйік екенін еске алсақ қазіргі заманда əлем байлығы əсіресі Таяу Шығыс елдердегі қазына байлық үш құрлықтың ортасында стратикалық маңызға ие Сирия мемлекетте ойналып жатқан ойынға Түркияда бейжай қарай алмайды. Бүгінгі Түркия оқиғаларының бір тамыры терең тарихында жатыр. Екінші тамыр əлемге иелік еткісі келетін Ұлы державасының саяси ұстанымда жатыр. Сондықтан Түркиятану ғылымына терең саяси- мəдени, психологиялық- философиялық білім керек. Өйткені Түркияның бүгінгі пробламалары тарихтың терең бойынан жəне əлем кеңістігінің үстемдік құрғысы келген мендік кеудесінен сусындап, кеуделеніп келе жатқан күрделі түйін. Түркияны тану əлем тарихы мен əлемге ұстемдік жасағысы келетін ой танымы екенін ескеру керек. ......
    8 жыл бұрын
Мұрағат