Ер мұғалімдер сақалын қырғаны үшін мектепті жауып тастады
Ер мұғалімдер сақалын қырғаны үшін мектепті жауып тастады
1 жыл бұрын 930 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Noorullah Shirzada / AFP

Тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен террористк ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан аумағында қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) басқарған Ауғанстанның орталығында орын тепкен Ғазни провинциясында екі мектепті жауып тастады. Дәріс беретін ер мұғалімдер қырынып барғаны үшін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Hasht-e Subh дерек көзіне жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білім беру мекемелерінің жұмысын тоқтату туралы шешімнің тағы біреуіне әйел мұғалімдердің шариғат талаптарына сай киінбегені де себеп болған. Мектептер жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын министрліктің жергілікті бөлімінің пәрменімен жабылған. Тәліптердің жақтастары сабақтарға қыздардың қатысуына байланысты Ғазнидегі тағы екі балалар білім беру орталығын жапқан. Оқушылар тәліптердің талабына сай жынысына қарай бөлініп оқыса да.

0 пікір
Мұрағат