ЕО тұтынылатын энергия мөлшерін азайтады
ЕО тұтынылатын энергия мөлшерін азайтады
1 жыл бұрын 743 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Michael Probst / AP

Еуроодақ кеңесі құрамындағы елдердің тұтынатын энергия мөлшерін 2030 жылға дейін 11,7 пайызға кемітуге түпкілікті шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы мақсатта ЕО құрамындағы әр елге энергия ресурсын тұтыну бойынша белгілі бір шек тағайындалады. Бұл шегі белгіленген энергия ресурсының деңгейі 763 млн тонна мұнайға пара-пар болмақ. ЕО Кеңесінің мәлімдемесінде одақ құрамындағы әр мемлекеттің энергия үнемдеуге міндетті жарнасы энергияны қаншалықты сыйдыра алатыны, яғни, сақтай алатынын, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімді, жаңғыртпалы энергияның даму деңгейі мен энергия үнемдеу әлеуетін ескеретін арнайы формулалар арқылы есептелетіні айтылған. 2021 жылы Еуропа «Fit for 55» климаттық бағдарламасын қабылдады. Онда ЕО климаттық және энергетикалық заңнамалық базасын блоктың, яғни, ЕО-ның осы ғасырдың орта шеніне қарай климаттық бейтараптыққа, дәлірегі, климаттың залалсыз деңгейіне қол жеткізу мақсатына сәйкес келтіру үшін жасалатын қадамдары мен нақты шаралары көрсетілген. 2030 жылға қарай ЕО атмосфераға бөлінетін парниктік газ мөлшерін 1990 жылғы деңгейден кемінде 55 пайызға азайтуға міндеттеме алды.

0 пікір
Мұрағат