ЕО сығандарды өз саяси мүддесіне пайдалануы мүмкін
ЕО сығандарды өз саяси мүддесіне пайдалануы мүмкін
7 ай бұрын 902 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуропалық одақ билігіндегілер жақын қалған саяси додада, дәлірегі, Еуропарламент сайлауында сығандар құқығын желеу етіп, азшылықты құрайтын топты өздерінің электораты ретінде пайдалануы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Politico мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде сығандар көп шоғырланған Венгрияға қысым көрсетуі ықтимал екені айтылған хабарламада. «Еуропа саясаткерлері оңшылдар тарапынан сығандарға  жиі шабыуыл жасалғанд үнсіз қалды (...) Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан бес жыл бұрын соттарды басып-жаншу үшін сығандарға қарсы нәсілшілдік науқан жүргізгенде Германия канцлері Ангела Меркел үнсіз қалды. Оның үкіметі, партиясы Виктор Орбан үкіметімен жұмыс істеуді жалғастырды», - делінген материалда. Сонымен қатар, сығандар Еуропалық Одақтағы халықтың ең кедей және интеграцияланбаған сегменттерінің бірі. Осыған байланысты оларды көбінесе сайлауда елемейді немесе дауыстарды сатып алуда пайдаланылады. Материал авторлары еуропалық саясаткерлер өздерінің саяси ұстанымдарын нығайту үшін осы жағдайға назар аударуы керек екенін атап көрсетеді.

0 пікір
Мұрағат