ЕО криптовалютаның жаңа ережесін қабылдады
|
Желтоқсан айының 30-да Еуропалық одақтағы криптовалюта түрлерін реттеу тәсілін түбегейлі өзгертетін, дәлірегі, криптовалюта нарығын реттеудің келесі құрамдас бөлігі, яғни, Markets in Crypto-Assets (MiCA) регламентінің кезекті компоненті ресми түрде іске қосылды. Бұл жайында islam.kz порталы itc.ua ақпарат көзіне сілтеме жасай оотырып мәлім етеді. Сонымен не өзгерді:
- Егер мәмiле сомасы 1000 евродан асса, онда KYC (Know Your Customer - Өз клиентiңдi бiлу) рәсiмi арқылы бас бостандығынан айыруға жатпайтын әмиянның иесiн мiндеттi түрде тексеру талап етiледi. Яғни, иесінің дербес деректерін әмиянмен байланыстыру керек. Десе де әрбір транзакцияның алдында тексеру қажет пе әлде әмиянға меншік құқығын бір рет растау жеткілікті ме, сол жағы әзірге белгісіз. Сондай-ақ, бұл ереже биржалар арасындағы трансферт үшін қалай жұмыс істейді?
- Жасырын криптовалюта төлемдеріне толық тыйым салу шарасы ақшаның жылыстауына және террористік ұйымдарды қаржыландыруға қарсы күреске бағытталған. Алайда, мұндай тыйым өз кезегінде орталықсыздандырылған қаржылық қызметтерге (DeFi) қол жеткізу мүмкіндігін шектеуі мүмкін.
- Стейблкоинге (Стейблкоин — биткоин немесе эфирге қарағанда құбылмалылығы төмен криптовалюталардың ерекше түрі. Олардың негізгі функциясы криптовалюта нарығындағы жоғары құбылмалылық жағдайында құндылықтың тұрақтылығын қамтамасыз етуге саяды) тыйым салынды. 2025 жылдан бастап Tether (USDT) секілді алгоритмді және кейбір стейблкоинге MiCA талаптарына сәйкес келмейтіндіктен ЕО аумағындағы сауда-саттық үшін қолдануға тыйым салынады.
- Криптовалюта эмитенттері лицензия алуға, жобаның сипаттамасын егжей-тегжейлі жасауға, сондай-ақ, тәуекелдерді (яғни, қаржы саласындағы қауіп-қатерді) басқару мен оның есебіне қойылатын қатаң талаптарды сақтауға міндетті болады. Бұл шара нарықтағы бәсекелестіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін, себебі, шағын компаниялар бұл процедураларға қаржылай қол жеткізе алмауы мүмкін.
- Орталықсыздандырылған биржалар (DEXs) артық бақылаудан құтылу үшін танымал болуға ұмтылуы мүмкін, дегенмен, олардың мәртебесі де болашақта өзгеруі мүмкін. Сондай-ақ, транзакциялар тарихын жасыру үшін миксер (миксер — криптовалюта желілеріндегі транзакциялардың құпиялылығын арттыру үшін құрылған қызмет) сервисіне көбірек жүгінетін болады. Криптовалюта әуесқойлары анонимді криптовалюталар сияқты баламалы активтерге ауыса алады. Дегенмен Монеро (XMR) қазірдің өзінде ЕО-да тыйым салу алдында тұр.
Осы тұста Tether цифрлық валютасын шығарған компания Малтада электрондық ақша лицензиясы бар StablR еуропалық компаниясына инвестиция құйғанын айта кету керек. Бұл шара USDT стейблкоин тұрақты монетасының MICA талаптарына сәйкес келуіне көмекиһтеспек, себебі, StablR қазірдің өзінде ЕО-ның нормативтік стандарттары аясында жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, желтоқсанында криптовалюта төлем шешімдерінің провайдері MoonPay ресми түрде ЕО MiCA регламенті бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алды
Негізгі дерек көздері: MoonPay, Finbold, idnow.io