ЕО жеті жылдан бері алғаш рет пана сұраушылардың рекордтық санын тіркеді
|
Еуропалық одақтың паналату мәселелеріне жауапты агенттік (EUAA) өткен жылы әлемнің әр түкпірінен түрлі себеппен пана сұраушылар қарасының күрт артқанын атап өтті. Дәлірегі, 2023 жылы ЕО-дан 1,1 млн-ға тарта адам пана сұраған. Бұл көрсеткіш 2022 жылғыға қарағанда 18 пайызға көп. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. EUAA дерегі бойынша пана сұраушылар арасында ауғандар мен сириялықтардың қарасы көп. Ал ЕО елдеріне шаққанда: Германиядан 334 мың адам пана сұраған, Франция – 167 мың; Испания – 162 мың; Италия – 136 мың.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғыз имамдары жаппай темір тұлпарды тізгіндейтін болады
■
Әзірбайжан «Ислам сегіздігі» құрамына кірді
■
Орта Азия елінде әкелерге декреттік (ақылы) демалыс берілуі мүмкін
■
Сиқырлыққа ең аз және ең көп сенетін елдер анықталды
■
Етті тұтынудан моңғолдар әлемде екінші орыннан көрінді. Бірінші орында қай ел тұр?