ЕО халал етті органикалық өнім ретінде қабылдамайды
|
Еуропалық одақ соты алдын ала естен тандырмай сойылған малдың етін еуропалық биологиялық өнімдер санатына жатқызбау туралы қаулы қабылдады. ЕО сотының келтірген уәжі бойынша шариғат талабына сай әрі еврейлердің тәсілімен малды сою ЕО-ның жануарлардың жағдайын жасау жөніндегі талаптарына сәйкес келмейді. ЕО-ның жоғарғы сот инстанциясы француздардың жануарларды қорғаумен шұғылданатын OABA ұйымымен әрі француздардың алдын ала естен тандырмай сойылған мал еті биоөнімінің логотипі бар жарнама мен орамына қатысты Ecocert сертификаттау органымен бірігіп, осындай шешім қабылдап отыр. "Малды бұлай сою тәжірибесі естен тандырмай союдағы секілді жануардың азабын жеңілдете алмайды",- деп айтылған ЕО жоғарғы сот инстанциясының қаулысында. Естеріңізге сала кетсек, бұрын да бір хабарлағанымыздай, Белгияда 2019 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап малды алдын ала естен тандырмай союға салынған тыйым күшіне енген болатын.