ЕО-дағы босқындар саны 2015 жылдан бері рекордтық деңгейге жетті
ЕО-дағы босқындар саны 2015 жылдан бері рекордтық деңгейге жетті
2 жыл бұрын 1058 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуропалық Одақта (ЕО) халықаралық қорғауға өтініш білдірген босқындар қарасы 2015 жылғы Еуропалық көші-қон дағдарысынан бері рекордтық деңгейге жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Еуропаның пана беру жөніндегі бюро өкілдеріне жөн сілтеген  The Washington Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бюро 2022 жылдың тамыз айында ЕО-ның 27 елінен, сондай-ақ, Норвегия мен Швейцариядан 84 500-ге жуық адам пана сұрағанын хабарлады. Бұған қоса, басым бөлігі Украинадан келген тағы 255 мыңға жуық босқын уақытша пана сұраған. Осы жылдың шілде айынан бері көмек сұрағандар саны 16 пайызға артқан. Соғыстан қашқан сириялық босқындар 2015 жылы Еуропалық көші-қон орталықтарына сыймай, Еуроодақтағы ең үлкен саяси дағдарыстардың бірін тудырды. Осы жылдың тамыз айында босқындар саны 2015 жылы Еуропаға ай сайын келген мигранттар санының шамамен жартысын құрады. Сириялықтар мен ауғантар көші-қон мәселесі бойынша көбірек көмек сұрай бастады. 2021 жылдың тамызында АҚШ әскерлері ауған аумағынан шығарылғаннан кейін елде билік тізгінін алған тәліптердің (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары бойынша әлемнің көптеген елінде және Қазақстанда қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) қатаң тәртібінен босқан азаматтары тарапынан шамамен 127 000 өтініш түскен. Негізінен Сирия мен Ауғанстаннан жалғыз-жарым көмекке жүгінген балалардың саны 2022 жылдың шілде-тамыз айлары аралығында 28 пайызға күрт өскен. Босқындардың соңғы санатына түрік азаматтары кіреді. Түркия ЕО мүшелігіне қабылдануға үміт артып отыр және сириялықтардың Еуропаға жаппай көшуінің алдын алу үшін соңғы жеті жылда еуропалық қорлардан миллиардтаған еуро алды. Биыл тамыз айында 4600-ге жуық түрік азаматы ЕО-дан пана сұраған

0 пікір
Мұрағат