|
ЕО босқындарды қабылдамауға уағдаласты
|
Еуропа Одағына мүше ел басшылары кәрі құрлыққа Жерорта теңізі арқылы ағылған босқындарды қабылдамауға уағдаласты. Мальта астанасы - Валетте қаласында ЕО елдері басшылары бас қосып, осындай ортақ келісімге келді. "Көші-қон саясатының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі тетік - шекарамызды тиімді жолмен бақылау әрі ЕО-ға ағылған заңсыз босқындарды тоқтату",- деп айтылған мағлұмдамада. Аталған құжатта айтылғандай, 2016 жылы Жерорта теңізі арқылы Еуропаға келген босқындар қарасы едәуір азайған, десе де, сөз болған дәліз арқылы кәрі құрлыққа өткен жылы 181 мыңнан аса адам өтіп кеткен. Осыған байланысты ЕО басшылары Жерорта теңізі арқылы келетін босқындардың жолын кесетін қосымша шараларды қолға алып жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жөнінде референдум өткізуі мүмкін
■
Көрші ел некелеспеуге және бала көтермеуге шақыратын контенттермен күресті күшейтеді
■
РАМАЗАН АЙЫНЫҢ КЕСТЕСІ - 2026. БИЫЛ ПІТІР МӨЛШЕРІ 735 ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ
■
Малайзия қытай туристеріне бақылауды күшейтеді