Беларусьте жұмыс істемейтін, бос жүрген адамдар бұдан былай салық төлейді. Айыппұлдың көлемі де аз емес, 170 еуро. Ел президенті Александр Лукашенко осындай жарлық шығарған.
Енді жұмыс істемей бос жүрген адамдар салық төлейді
|
20 ақпан жұмыссыздардың салық төлейтін ең соңғы күні. Алайда, Беларусь халқы салық төлеуге емес, керісінше жаппай наразылық білдіріп, көшеге шықты.
Қарапайым халық «Біз арамтамақ емеспіз!» деген ұранмен Минск, Могилев, Гомель, Брест, Витебск пен Гродно қалаларында митингке шыққан. Наразылық білдірген 2000-нан астам адам заңның күшін жоюды талап етіп отыр. Егер билік халық үніне құлақ аспаса, жұрт 25 ақпан күні қайтып наразылық акциясын ұйымдастырмақ.
Лукашенко «Әлеуметтік тәуелділіктің алдын алу» деп аталатын президенттік декретке осыдан 2 жыл бұрын қол қойған еді. Ресми деректер бойынша республикада билік «арамтамақ» деп есептейтін 500 мыңға жуық адам бар екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
От шашып, жалын бүркетін робопс пайда болды (видео)
■
Ым-ишара тілін дауысқа айналдыратын (аударатын) смарт көзілдірік жасалды (видео)
■
Сауытты бұзатын ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Шоколадтың жаһандық қорына қауіп төнді
■
Екпенің жарты ғасырда шамамен 154 млн адамның өмірін құтқарғаны белгілі болды