Енді еуропалық ел Coca-Cola сусынынан бас тарта бастады
Енді еуропалық ел Coca-Cola сусынынан бас тарта бастады
7 ай бұрын 1182 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Benoit Tessier / Reuters

Даттықтар (Дания) Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың Гренландия аралын Америка құрама штаттарына қосу жоспарына және тарифтік саясатына байланысты наразылық ретінде әлемге әйгілі сусыннан бас тартып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Даниядағы сусынды құюға жауапты Carlsberg корпорациясының бас директоры Оруп-Андерсонге жөн сілтеген Financial Times ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Менеджерджің сөзіне қарағанда, аталған елде Coca-Cola саудасы едәуір төмендеген. Керісінше бойкотқа байланысты Coca-Cola-ның баламасы - «Jolly Cola» атты жергілікті өнімінің сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 13 есеге өскен. Coca-Cola сусынынан тек аталған ел тұрғындары ғана емес, сонымен қатар, Газа секторындағы ахуалға байланысты Израилге қолдау көрсеткіні үшін АҚШ-тың саясатына наразылық ретінде мұсылман елдерінде де жаппай бойкот жарияланған еді. Тіпті, Түркияда парламенттік деңгейде байкот жариялау туралы шешім қабылданған болатын. Гренландия — 57 мыңға жуық халқы бар әлемдегі ең ірі арал. 1814 жылы Дания-Норвегия одағы таратылған кезде Гренландия Дания иелігінде қалып, 1953 жылға дейін оның отары болды, осыдан кейін Дания королдігі аумағының бір бөлігі болып жарияланды. 2009 жылы Гренландия ішкі саясатта өзін-өзі басқару және тәуелсіз таңдау мүмкіндігіне ие болды. Екінші мәрте АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп алғашқы президенттік мерзімінде Гренландияны қосып алу туралы бастама көтерген болатын. Екінші мәрте президенті болып сайланғаннан кейін Гренландияны геосаяси артықшылығын алға тартып, АҚШ-қа қосып алу туралы ашық айтатын болып жүр. Алайда, оның бұл бастамасы Еуропада, дәлірегі, Данияда наразылыққа ұшырады.

0 пікір
Мұрағат