Енді бір отыз жылдан кейін мұнайдан да маңызды болатын нәрсені айтты
Енді бір отыз жылдан кейін мұнайдан да маңызды болатын нәрсені айтты
7 жыл бұрын 6194 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда әлемге әйгілі Alibaba Group корпорациясының негізін қалаушы, Қытайдың ең дәулетті азаматы Мәскеу қаласында өткен "Сандық  экономика. Қоғам, бизнес, мемлекет" деп аталатын маңызды шараға қатысып, мінберден сөз алды. Ол енді бір отыз жылдан кейін мұнайдан да маңызды болып, интернеттің алдыңғы орынға шығатынын мәлімдеді. "Интернет пен сандық технология келешекте көптеген проблеманың шешіміне айналады. Бұл тұрақты даму үстінде болады, әрі адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай тудырады. Әлдебір жерде басымдыққа ие 60 компания бар шығар, алайда, жастар мына өмірде өз орнын тапқысы келеді. Бүгінгі таңда жаһандану бір келкі жүріп жатқан жоқ. Көп ұзамай адамзаттың 80 пайызы интернетке қосылатын болады, біз бұл фактіні ескеруіміз керек. Электорнды коммерция мен электронды экономика шекараны жояды. Өндіріс ошақтары жаңа жұмыс орындарын ашады, өндіріспен жасанды интеллекті шұғылданады; адамдар басқа нәрсемен айналысады. Мен болашаққа нық сеніммен қарайтын адаммын. Егер біз балалардың ескі әдіспен оқытатын болсақ, оның дұрыстығына күмәнмен қараймын. Жылдамдығы зор машинамен жарысуға болмайды", - деп мәлімдеді 53 жастағы қытайлық миллиардер. Осылай дей келе ол: "интеллектіде машинамен тайталасуға болмайды, өтйкені, олар бізден бәрібір ақылды болып шығады". Десе де ол роботтар мен жоғары технология адами факторды алмастыра алмайтынын да тілге тиек етті. Өйткені, оның айтуынша, адамдардың өз құндылығы бар. "Біз адамдарға ұқсас роботтарды шығарармыз, алайда, машина машина болып қалады, адам адам болып қалады",- деді артынша. Айта кетейік, әлемдегі қалталылардың шотын қағып, аты-жөнін түгендеп отыратын Forbes журналы Джек Маның дәулетін (биылғы көрсеткіш бойынша) 39,1 млрд долларға бағалаған екен. 

1 пікір
  • stan.kz сайтының редациясы ислам.кз-тен көшіріп басқан жаңалықтарға сілтеме беруді тағы "ұмытып кетіпсіздер". Бұл жағдай қашанғы жалғаса береді. Жиендік жасау абырой әперетін іс емес.
    7 жыл бұрын
Мұрағат